|
Аса ірі мұсылман еліндегі алапат апат (видео)
|
Әлемдегі мұсылмандар тығыз шоғырланған Индонезияда кеше, яғни, жұма күні жойқын табиғи апаттан, дәлірегі, зілзала мен цунамиден 832 адам опат болды. Бұл жайында аталмыш елдің стихиялы апаттың салдарын жою жөніндегі ұлттық басқарма өкілдері мәлім етті. Палу қаласы маңындағы Сулабеси аралында жұма күні таңертеңгісін дүмпу күші 7,4 балдық жер сілкінісінен 3 метрге дейін алып толқын көтерілген. Төтенше жағдайдан соңғы мәлімет бойынша 384 адам қырылған. Олардың дені жергілікті тұрғындар. Сөз орайы келгенде айта кету керек, Индонезия Тынық мұхитының отты шеңбері ретінде белгілі әлемдегі ең техтоникалық қабатты аймақта орналасқан. Жыл сайын аталған ел аумағында жеті мыңға дейін жер сілкінеді.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Мұсылмандар елі христиандардың басты мерекесін демалыс етіп жариялады
■
Азиядағы ең қымбат компанияның табысы рекорд орнатты
■
Сингапур 2025 жылы байлығы жағынан екінші ел атанды
■
Халал инвестиция 2025 жылы 25,5% табыс әкелді
■
Үйдің қай қабатында тұратын адамдардың денсаулығы ерте сыр береді? – зерттеу