|
Ашаршылықтан 75 мың бала көктей солуы мүмкін
|
Нигерияның солтүстігінде ашаршылықтан таяуда 75 мың бала өліп кетуі мүмкін. Бұл туралы Біріккен Ұлттар Ұйымының гуманиталық бағдарламасын үйлестірушісі Петер Лундберг мәлімдед. Себебі, «Боко Харам» лаңкестік қарулы тобының қолынан азат етілген солтүстік-шығыстағы Борно штатын ашаршылық жайлап, 14 миллионға жуық адам көмекке зәру. Олардың 400 мыңдайы - кәмелет жасына толмағандар. Ал осы аймақтағы 7 жылға созылған үкімет әскері мен экстремистер арасындағы соғыстан ондаған мың адам опат болған. Сондықтан, халықаралық ұйым бұл дағдарысты бір өзі шеше алмайтынын да айтты.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Мәйіттік донорлықты құптайтындар көбейді. Мәйіттік донорлықтың тәртібі мен құқықтық негіздері қандай
■
Paidax Қазақстандағы алғашқы исламдық долларлық жинақ шотын іске қосты
■
Елге кіргізілетін діни маңызы бар заттар үшін қосымша құн салығын алып тастауы мүмкін
■
Ауа температурасы Целсия бойынша 38 градустан асқанда жұмысты бірден тоқтату туралы шешім қабылдануы мүмкін
■
Азиялық шағын мемлекет демографиялық дивиденд алу үшін аз жылда 6,5 млн жұмыс орнын ашуы тиіс