|
Әскери борышын өтеу үшін 46 келіге арықтаған
|
Кемерово облысының 20 жастағы тұрғыны әскери борышын өтеу үшін 46 келіге арықтаған, деп хабарлады РИА «Новости» Орталық әскер округ өкілі Ярослав Рощупкинге сілтеме жасап.
«Кузбастағы Прокопьевскіден әскерге шақырылған жиырма жастағы Сергей Малёванный Отан алдындағы борышын өтеу үшін 46 келі салмақтан арылды. Осылайша ол өзінің әскерге жарамдылық деңгейін «Г» (әскери қызметке уақытша лайық емес) деңгейінен «А» (әскерге жарамды) деңгейіне көтерді. Ол арнайы қызметте, барлау және ӘӘК қызмет ете алады», - деді Рощупкин.
Көктемде әлембұл жігіттің бойы 171 см, ал салмағы 130 келі болып, әскери борышын өтеуге жарамсыз деп танылған.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Кентавр роботтың қандай пайдасы бар (видео)
■
Қазақстанда ел ішіп жүрген кейбір шайлар қауіпті болып шықты
■
Жалғызбасты әйелдер қарасының көбеюі Рауте қауымына қауіп төндіре бастады
■
2050 жылға таман жаһандық жылынудан тағы бірнеше жүз мың өлім-жітім болады
■
Мәйіт өртейтін елде крематорилер жұмысын тоқтатып жатыр