|
Әскери қақтығыстар салдарынан 13 млн бала мектепке бара алмай отыр
|
Таяу Шығыс пен Солтүстік Африкадағы әскери қақтығыстардың салдарынан 13 миллион бала мектепке бара алмай отыр деп хабарлайды БҰҰ-ның Балалар қоры.
ЮНИСЕФ баяндамасында көрсетілгендей, балалардың толықтай бір буыны білім беру жүйесінен тыс қалуда.
Қордың аймақтық бөлімінің басшысы Питер Саламаның айтуынша, Сирия, Ирак, Йемен және Ливиядан босқындардың Еуропаға қарай ағылуына осы білім берудің жоқтығы себеп болған.
Мектептерге жасалған шабуылдардың салдарынан мұғалімдер жан сақтау үшін шет мемлекеттерге қашуда. Сондай-ақ, мектеп ғимараттары үйсіз қалған тұрғындардың паналайтын орнына айналып отыр.
Саламаның айтуынша, босқындарды қабылдап жатқан Еуропа елдерінің өзі олардың балаларына тиісті білім бере алмай келеді.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Кентавр роботтың қандай пайдасы бар (видео)
■
Қазақстанда ел ішіп жүрген кейбір шайлар қауіпті болып шықты
■
Жалғызбасты әйелдер қарасының көбеюі Рауте қауымына қауіп төндіре бастады
■
2050 жылға таман жаһандық жылынудан тағы бірнеше жүз мың өлім-жітім болады
■
Мәйіт өртейтін елде крематорилер жұмысын тоқтатып жатыр