|
Атақты боксшы Гервонта Дэвис ислам дінін қабылдады
|
Әйгілі боксшы Гервонта Дэвистің ислам дінін қабылдауы жанкүйерлері үшін үлкен тосынсый болды. Дэвистің исламды қабылдағаны туралы оның досы, кәсіпқой боксшы - Баду Джек әлеуметтік желіде жариялады.
Бір қызығы, осыдан бір күн бұрын АҚШ-тың тағы бір атақты боксшысы Джарелл Миллердің исламды қабылдағаны туралы жаңалық пайда болған еді. Ол Сауд Арабиясында өткен жекпе-жек фестивалінде тілін кәлимаға келтіріп, мұсылман дініне өтті. Енді міне әріптесі Гервота Дэфис те мұсылман болып отыр - деп хабар таратады Turan Union телеграм каналы.
Гервонта Дэвис - 28 жаста. Рингтегі алғашқы жекпе-жегін 2013 жылы өткізген американдық кәсіпқой боксші, 2017 жылдың қаңтарында тұңғыш рет әлем чемпионы атанған болатын. Содан бері Ол «әлі жеңіліп көрмеген боксшылардың» тізімінен түспей келеді.
islam.kz