|
Ауған әскері тәліптерді тәжік шекарасынан ығыстырды
|
Ауған әскері Тәжікстанмен арадағы шекарада орналасқан Бадахшан провинциясындағы аудандардың бірінен тәліптерді ығыстырды. (Естеріңізде болса, тәліптердің тәжіктер шекарасына тақау қалғаны және аталмыш провинцияның 80 пайызын өз бақылауына алғаны турасында кезінде хабарлағанбыз – ред.). Ауғанстан ішкі істер министрілігінің келтірген мәліметіне қарағанда, Ямган ауданында жүргізілген әскери операция кезінде тәліптер жағынан 120 адам оққа ұшып, қаза тапқан. Бұл жайында «Khaama Press» ақпарат агенттігі хабар таратты.