Ауған жоғары оқу орындарында Пайғамбар медицинасы кафедрасы ашылады
Ауған жоғары оқу орындарында Пайғамбар медицинасы кафедрасы ашылады
2 сағат бұрын 52 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Бұқаралық ақпарат құралдарында Ауғанстанның медициналық жоғары оқу орындарында көп ұзамай Пайғамбар (Алланың сәлемі мен игілігі болсын) медицинасы кафедрасы ашылатыны турасында хабар пайда болды. Бұл жайында islam.kz порталы Ariana news ұлттық жаңалықтар қызметіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ауған ислам әмірлігінің жоғарғы көсемі Хайбатулла Ахунзаданың тікелей пәрменімен ашылатыны айтылған. Тәліптердің ойынша, мұндай кафедра өз кезегінде медицина ғылымының дамуына ықпал етіп, елдегі білікті медицина қызметкерлерін әзірлеудің тиімділігін арттырады. Пайғамбар медицинасы хадиске негізделген – түрлі аурулардың алдын алу мен ем-домының кешенді жүйесі. Медицинаның осы саласында Пайғамбардың мөлшерден асырмай тамақтану, шипалы өсімдіктерді және басқа да табиғи заттарды, соның ішінде сарымсақ, алоэ, бал, зәйтүн майы, қара зере, зімбір, т.б. пайдалануға қатысты кеңестері қамтылған. Организмді сауықтыру тәсілдерінің ішінде хижама да бар.

0 пікір
Мұрағат