|
Ауғанстанда әйелдерге үй терезесінен де қарауға тыйым салынды
|
Ауғанстан ислам әмірлігінің жоғарғы көшбасшысы Хайбатулла Ахундзада үй терезесінен де әйелдерге қарауға тыйым салатын жарлық шығарды. Бұл жайында islam.kz порталы Telegram әлеуметтік желісіндегі Tolo news ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Сондай-ақ, Ауғанстан билігіндегі тәліптер басшысы өз жарлығында тұрғын үй құрылысын әйел адам көрінбейтіндей етіп жобалауға тапсырма берген екен. Дәлірегі, үйдегі әйел адам көршілеріне де көрінбейтіндей етіп салынуы тиіс. Солның ішінде асүй бөлмесінің терезесі көше жаққа қарамауы тиіс. Бұдан өзге, терезе басқа тұрғын үйге қарай ашылғанда оның алдына адам бойының биіктігімен бірдей қабырға тәрізді сырт көзден тасалайтын дуал тұрғызу қажеттілігі де атап өтілген.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Халал инвестиция 2025 жылы 25,5% табыс әкелді
■
Үйдің қай қабатында тұратын адамдардың денсаулығы ерте сыр береді? – зерттеу
■
Климат дағдарысы Айдың Жерден алыстауын тездетті
■
Айдың Жерге қараған жағында қонақ үй пайда болады (видео)
■
Францияда өлім алғаш рет тұрғындар өсімінің көрсеткішінен асып түсті