|
Ауру анықталған жағдайда көлік жүргізушінің куәлігі жарамсыз болып қалады
|
Ресей Федерациясындағы жаңа ереже талаптарына сәйкес көлік жүргізуге кедергі келтіретін немесе көлік жүргізуші мен өзгелердің өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін аурулар көлік жүргізушінің бойынан анықталған жағдайда оның көлік жүргізу құқығы жойылады. Бұл жайында islam.kz порталы ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл заң 2027 жылдың наурыз айының 1-нен бастап қолданысқа енгізіледі. Дәлірегі, қандай қандай ауруларға шалдыққанда көлік жүргізу құқығынан айырылады? Психологиялық дамуында ақау немесе ауытқу байқалғанда, шизофрения, эпилепсия (талма), шизотипті тұлғалық ауытқу, сондай-ақ, соқырлық пен түстерді ажырата алмайтын ауытқуға ұшырағанда. Көлік жүргізуші бойынан осындай дерттерді байқаса, онысын мемлекеттік инспекцияға хабарлауы тиіс әрі үш ай ішінде кезектен тыс медициналық тексеруден өтіп, растауы керек.