|
Авиашоу кезінде ұшақтың құлаған сәті видеоға түсіп қалды
|
Шорхэм-бай-Си қаласындағы авиашоуда болған Hawker Hunter ұшағының апатынан жеті адам қаза тапты, - деп хабарлайды tengrinews.kz порталы Sky News ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып.
Куәгерлердің айтуынша, жойғыш ұшақ әуеде орағытпақ болған, дегенмен ол шоссеге құлады. Интернетте ұшақтың құлаған сәті түсірілген видео пайда болды.
Жедел жәрдем қызметі жеті адамның қаза тапқанын хабарлады. Қаза тапқандар ұшақ құлаған автотрассадағы көліктердің ішінде болған. Тағы 14 адам ауыр жараланды, біреуінің жағдайы тым ауыр.
Кей ақпарат құралдары ұшқыштың аман қалғанын жазды. Дегенмен құқық қорғау органдары мұны растаған жоқ.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Кентавр роботтың қандай пайдасы бар (видео)
■
Қазақстанда ел ішіп жүрген кейбір шайлар қауіпті болып шықты
■
Жалғызбасты әйелдер қарасының көбеюі Рауте қауымына қауіп төндіре бастады
■
Мәйіт өртейтін елде крематорилер жұмысын тоқтатып жатыр
■
2050 жылға таман жаһандық жылынудан тағы бірнеше жүз мың өлім-жітім болады