|
Австралияда ислам жайында деректі фильм көрсетіледі
|
Австралияның оңтүстігінде орта мектеп оқушыларына ислам діні жайында қысқа метражды танымдық деректі фильм көрсетіледі. Аталмыш фильм ислам өркениеті және мұсылмандардың мәдениеті мен тұрмыс-тіршілігі жайындағы қоғамды, әрі бұқаралық ақпарат құралдарын жайлаған жаңсақ түсінікке тойтарыс беру мақсатында түсірілген болатын.
Осы фильмге түскен Ясира Морси өз алдына бір құрлықты алып жатқан осынау елде нәсілшілдік кемсітушілікке талай рет ұшырағанын тілге тиек ете келіп: «Қандай да бір елде соғыс бола қалса немесе жанкешті лаңкес өзін жарып жіберсе, бәрін мұсылмандардан көреді. Белгісіз себептермен осыған сен жауап беруің тиіс секілді. Олармен еш байланысың жоғын, я болмаса неге бұлай болғанын түсіндіруің керек», - деді күйіне тіл қатып.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Өз-өзін тыңайтатын өсімдік өсірудің жолы табылды
■
Алпауыт елдің биылғы доктринасы: тек күштілеріне көмектесу
■
Қытай алғаш рет жаңғыртпалы энергия көздерінің есебінен электр энергиясына деген жаңа қажеттіліктің орнын толтырды
■
Жыл соңына дейін исламдық ипотека ашылмақ
■
ITS исламдық ITS Shariah индексінің қайта теңгеруін жүргізді