Азия елдері 2025 жылға қарай әлемде өндірілген электр энергиясының тең жартысын тұтынады
Азия елдері 2025 жылға қарай әлемде өндірілген электр энергиясының тең жартысын тұтынады
1 жыл бұрын 764 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Әлемдік электр энергиясын өндіру құрылымындағы жаңғыртпалы энергия көзінің үлесі 2022 жылғы 29%-дан 2025 жылға қарай 35%-ға дейін өседі. Бұл жайында islam.kz порталы Халықаралық энергетика агенттігінің (IEA) ақпан айындағы есебінде келтірілген дерекке сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Азия құрлығының электр энергиясын тұтыну деңгейі жылдан жылға өсіп келеді, осы тенденцияға байланысты 2025 эылға қарай Азия елдері күллі әлемде өндірілген электр энергиясының жартысын тұтынатын болады. Алдағы үш жылда электр энергиясына әлемдік сұраныс өсімінің 70%-дан астамы Қытайдан, Үндістаннан және Оңтүстік-Шығыс Азиядан болады. Нәтижесінде жаһандық электр энергиясына деген сұраныс жылына 3%-ға анағұрлым шапшаң өседі және 2025 жылға қарай жалпы алғанда шамамен 2500 тераватт-сағатқа (ТВт/сағ) өседі, бұл көрсеткіш Жапонияның  жылдық электр энергиясын тұтыну деңгейінен екі есе жоғары. IEA есебінде Қытай энергия саласындағы трансформацияда маңызды орынға ие екені айтылған. Егер 2000 жылы аталған ел әлемдік энергияның 10 пайызын ғана тұтынса, болжам бойынша 2025 жылға қарай бұл үлес 33 пайызға дейін өседі. Электр энергиясына деген сұраныстың артуына Қытайдағы соңғы жылдары байқалған туу деңгейінің төмендеуіне қарамастан, өмір сүру деңгейінің жоғарылауы әсер етпек.  Сонымен қатар, энергетикалық дағдарыс энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде және электр энергиясын өндіруден атмосфераға бөлінетін көмірқышқыл газының (СО2) мөлшерін азайтуда атом энергетикасына  мұқтаждықты арттыруда. 2023-2025 жылдары жаһандық атом энергиясы өндірісі орта есеппен шамамен 4%-ға өсуі мүмкін (2015-2019 жылдардағы 2%-дан жоғары). 2025 жылға дейінгі бұл тараптағы өсімнің жартысынан астамы Қытай, Үндістан, Жапония және Кореядан есебінен болады. Бұған Азия елдерінің газ импортына тәуелділікті азайту және энергетикалық қауіпсіздікті нығайту мақсатында атом энергиясы өндірісін ұлғайтуға ұмтылуы себеп болмақ. Дегенмен, есепте атап өтілгендей, табиғи газдан да, көмірден де жаһандық электр қуатын өндіру мөлшері 2022 және 2025 жылдар аралығында жалпы деңгейде бірқалыпты болады. Алайда, қазба отынының электр энергиясын өндіру тенденциялары жаһандық экономикадағы өзгерістерге, энергетикалық жүйелердің қиындықтарға, ауа райы жағдайларына, жанармай бағасына және мемлекеттік саясатқа бейімделу қабілетіне байланысты болады.

0 пікір
Мұрағат