|
Азия елі 14 мың аюдың көзін жойды
|
Жапонияда жарты жылдан бері 14 мың аюдың көзі жойылды. Бұл жайында islam.kz порталы The Guardian мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Адамдарға қауіп төндіргі жыртқыштарды жою науқаны 2025 жылдың сәуір айынан 2026 жылдың қыркүйегіне дейін ел аумағында 14 мың аю атылды. 2026 жылдың бас кезінен бері 13 адамды аю талап өлтірген, тағы кем дегенде 250-сі ауыр жарақат алған. Бұл көрсеткіш мониторинг жүргізіле бастаған 2008 жылдан бергі ең жоғарығысы болып отыр. Аюлардың адамға шабуылына ең алдымен климат дағдарысына байланысты жыртқыш қорегінің таусылуы себеп болған. Аштық аюды таудан түсуге мәжбүрлеген. Десе де жануарлар құқығын қорғау ұйымы әлем қауымдастығына дабыл қағып, биліктің бұл қадамына наразылық білдіріп отыр. Осы орайда күншығыс елінің аумағында, сарапшылардың есебінше, 15-нан 40 мыңға дейін екі түрлі аю мекендейтінін айта кетпекпіз: біреуі – азиялық қара аю болса, екіншісі – қоңыр аю.