Азия елі регенеративті медицинаға байланысты ережені қатаңдатады
Азия елі регенеративті медицинаға байланысты ережені қатаңдатады
24 минут бұрын 15 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Емдеу әдісі «қартаю процесін тоқтатады» немесе «қатерлі ісік жасушаларының таралуын тежейді» деген мәлімдемелер бүкіл Жапония бойынша жекеменшік емханаларда регенеративті медицинаны ілгерілету үшін пайдаланылып келген еді осы уақытқа дейін, алайда, осындай тәсіл бойынша ем қабылдаған пациенттер арасындағы өлім-жітім көрсеткішінің өсуі мен заң бұзу фактілерінің көбеюі өз кезегінде мұндай ем-домның қауіпсіздігіне күмәнмен қарауға итермелеп отыр. Бұл жайында islam.kz порталы The Mainichi мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Діңгекті жасушаларды қолдануды ұйғаратын терапия сияқты жеке емдеу әдістерінің кеңеюіне қарай экзосомалармен байланысты жаңа процедуралар пайда болды - жасушалар арасында сигнал беретін және ағзаны қалпына келтірудің табиғи процестерінде рөл атқаратын кішкентай құрылымдармен, босатылатын жасушалармен байланысты процелдуралар да қолданыстағы заңнама аясынан шыққандықтан күншығыс елінің денсаулық сақтау министрлігі бұл саладағы былықты реттейтін қадамға баруға мәжбүрлеп отыр. Регенеративтік медицина қандай да бір аурудан немесе жарақаттан зақымданған тіндер мен ағзаларды қалпына келтіруге бағытталған. Регенеративтік медицинаның қауіпсіздігі туралы жапон заңына сәйкес емдеу процедуралары қауіп-қатерге байланысты үш санатқа бөлінеді. Ең үлкен тәуекелі бар санатқа науқастарға сирек қолданылған, яғни, медицинада шектеулі тарихы бар ұрықтың діңгекті жасушаларын немесе индукцияланған плюрипотенттік діңгекті жасушаларын (iPS) пайдалануды ұйғаратын ем-дом процедурасын қамтиды. Екіншісі - пациенттің өз майынан немесе сүйек кемігінен алынған діңгекті жасушаларды пайдалана отырып емдеудің қатер деңгейі орташа әдістерін, ал үшіншісі - пациенттің қан компоненттері сияқты өңделген соматикалық жасушаларды пайдалана отырып, салыстырмалы түрде қатері төмен терапияны қамтиды. Денсаулық сақтау, еңбек және әлеуметтік қамсыздандыру министрлігінің мәліметінше, аталмыш жүйе бойынша емдеу көрсеткіші 2015 жылғы 2 570-ден 2025 жылы 6 703-ке дейін өсті. Бұл бағытта пациенттердің жеке діңгекті жасушаларын немесе соматикалық жасушаларын пайдалана отырып, екінші және үшінші санатты емдеу процедураларының үлесі жоғары болған. Бұдан бөлек, олардың басым көпшілігі зерттеу түрінде емес, клиникалар мен басқа да медициналық мекемелерде ақысы төленетін ем-дом ретінде ұсынылған. Олардың көпшілігі ортопедиялық ауруларға, косметикалық және қартаюға қарсы мақсаттарға, стоматологиялық ауруларға, сондай-ақ, обыр мен иммундық ауруларға бағытталған. Алайда, денсаулықтың күрделі қабынулары мен асқынулары туралы хабарлар кейбір регенеративті емдеу әдістері жеткілікті деңгейде қорғау шараларынсыз қолданылған. Пациенттер, сондай-ақ, 2025 және 2026 жылдары май тінінен алынған жасушаларды емдегеннен кейін қайтыс болған. Сонымен қатар, экзосоманы пайдалану арқылы емдеу әдістері, яғни, жасуша өсірінділерінен алынған сұйықтықтар да жиі кездеседі. Экзосомаларды өсіру процесі кезінде бактериямен ластану қаупі жоғары. Міне, осындай кінәраттарға байланысты денсаулық сақтау министрлігі тарапынан арнайы жасақталған жұмыс тобы зерттеуден тыс ұсынылатын регенеративтік медицинаның дұрыстығын қалай бағалауды, пациенттерге ақпарат қалай берілетінін және денсаулық үшін теріс салдары туралы қалай хабарлауды жан-жақты зерделеуді жоспарлап отыр.

 

Регенеративті медицина - жасушалық технологияны терапия ретінде қолдануды ұйғаратын медицина

0 пікір
Мұрағат