Азия елі шөп аллергиясынан күніне 1,6 млрд доллар шығын көреді
Азия елі шөп аллергиясынан күніне 1,6 млрд доллар шығын көреді
2 сағат бұрын 35 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Күн жылып, көктем мезгілі жақындаған сайын Жапонияда шөп безгенінен зардап шегетіндер қарасы күрт артады. Бұл жайында islam.kz порталы The Mainichi ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Маусымдық сипаты бар бұл дерттен күншығыс елінің экономикасы, электроникалық бұйымдар шығаратын Panasonic Corp.компаниясының есебінше, күніне 245 млрд иен (шамамен 1,6 млрд доллар) шығын көреді. Шөптен болатын аллергиядан әрбір екінші жапон зардап шегеді. Тіпті, жергілікті халық «ұлт дерті» атап кеткен шөп аллергенінен науқастардың 90%-ы жұмысын дұрыс атқара алмайтын жағдайға жеткен. Өткен жылдың желтоқсан айында Panasonic компаниясының 20-60 жас аралығындағы 6 601 адамды қамтыған жұмыс істейтін ересектер арасында жүргізілген сауалнама нәтижесіне сәйкес шамамен 2 933 респондент шөп тозаңы өзін «қатты мазалайтынын» немесе «біршама мазалайтынын» айтқан. Осы 2 933 респонденттің 1 651-і кездейсоқ іріктеліп, шөп тозаңының жұмыстағы жағдайына қалай әсер ететіні туралы сұрағанда 41,4% -ы «иә, сөзсіз әсер етеді», ал 47,2% -ы «иә, ішінара» деп жауап берген, барлығы - 88,6%. Респонденттердің еңбек өнімділігінің төмендегенорташа уақыт шамамен 3,2 сағатты құрады, ал 210 адам «сегіз және одан да көп сағат» бойы қиналғанын немесе мазасы қашқанын хабарлады. Бұдан басқа, сауалнама нәтижелерін ұлттық ай сайынғы еңбек статистикасымен және жұмыс күшін зерттеумен біріктіре отырып, шөп қызбасынан болған нәтижелердің төмендеуінен туындаған экономикалық шығындар күніне шамамен 245 миллиард иенге дейін жететінін анықтаған. Жапон компанияларының кейбіреуі шөп қызбасынан немесе безгенінен болатын аллергияны еңбек өнімділігін төмендететін фактор ретінде танып, бұл дағдарысты еңсеру үшін барқатар шаралар қабылдаған екен. Атап айтқанда, қарттарға ас-ауқат жеткізумен айналысатын Осака қаласындағы Cook Deli кәсіпорны өткен жылы шөп аллергенінен зардап шегетін жұмысшыларына айына 4000 иенге (26 доллар) дейін жәрдемақы тағайындаған болатын. Бұл қаражатқа ие болғандар шөп аллергеніне қарсы дәрі-дәрмек сатып алуға жұмсайды. Мұрын бітіп, бас ауыратын мұндай симптоан құтылу оңай емес. Ол ол ма, тағам кәіпорындарында жұмыс істейтін аспаздар алларгеннің кесірінен дәм сезу қабілетінен айырылып қалатынына шағымданған. Осыған байланысты дайындалған тағамның иісі мен дәмі өзгеріп кетеді. Ал бұл жайт тапсырыс берген клиенттердің көңілінен шықпауы мүмкін, салдары – клиенттен айырылу, шығын көру.

0 пікір
Мұрағат