Азия елі цифрлы оқулықтарға көшеді
Азия елі цифрлы оқулықтарға көшеді
1 сағат бұрын 51 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Жапон паарламенті цифрлы оқулықты мектептің ресми оқулығы ретінде қолданысқа енгізуды қарастыратын заң жобасын қабылдады. Бұл жайында islam.kz порталы Kyodo News ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш жобаны күншығыс елінің білім беру министрлігі өз бас болып, 2030 жылы жүзеге асырады. Десе де қағаз оқулықтар да цифрлы оқулықтармен қатар қолданылатын болады. Қазіргі уақытта қағаз оқулық форматы бірден-бір ресми формат ретінде алға шығады. Ал цифрлы оқулық тауя болашақта қағаз оқулықтың баламасы ретінде енгізілмек. Қиыр шығыстағы арал мемлекет осылайша оқушыларды блімгі ынталандыру шарасы ретінде ұйғарып отыр. Бұған қоса, цифрлы оқулықтардың технологиялық мүмкіндіктерін пайдалана отырып, әр оқушының талғамы мен индивиттік ерекешілігін ескере отырып, шығармашылық қабілетін дамытуға ден қояды. Жаңа жүйедегі үш формат - қағаз, толығымен цифрлы және екеуін де біріктіретін «гибридтік» - формалды (ресми) оқулықтар ретінде танылады. Жергілікті білім беру кеңестері мектептер үшін оқулықтардың форматын олардың юрисдикциясымен таңдайды. Таңдалған оқулықтар бастауыш және орта мектептерде тегін таратылатын болады. Соңғы оқулықтарда кеңінен таралған QR кодтары арқылы қол жеткізуге болатын бейне және аудио файлдар да сапаны қамтамасыз ету үшін қайта қаралған заңға сәйкес мемлекеттік тексеруден өтеді. Сонымен қатар, кейбір сарапшылар цифрлы оқулықтар мұғалімдердің міндетін ауырлататынын, оқушылардың көру қабілетіне залал келтіру сияқты денсаулығына байланысты проблемалар тудыруы мүмкін екенін атап өтті. Осы орайда Жапонияның тоғыз жылдық міндетті білім беру жүйесі бастауыш және орта мектепті қамтитынын айта кетпекпіз.

0 пікір
Мұрағат