Азия елі ұйқы режимінің бұзылуынан жылына 6 млрд доллардан аса шығын көреді
Азия елі ұйқы режимінің бұзылуынан жылына 6 млрд доллардан аса шығын көреді
2 сағат бұрын 52 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Жапония экономикасы ересек жұмысшылардың шала ұйқысынан жыл сайын 1 млрд иен (шамамен 6,35 млрд доллар) шығын көріп келеді. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Сукуб университеті ғалымдарының қорытындысына жөн сілтеген The Mainichi ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. «Pokemon Sleep» ұйқы ойындары қолданбасының шамамен 80 000 жергілікті пайдаланушысының деректеріне негізделген зерттеу нәтижесі «әлеуметтік жетлаг» салдарынан еңбек өнімділігінің едәуір төмендегенін көрсетті – бұл арада жұмыс күндері мен демалыс күндері арасындағы ұйқы режиміндегі айырмашылықтар турасында сөз болып отыр. Pokemon Sleep - смартфондарға арналған тегін ойын; егер оны пайдаланушының жастығына қойсаңыз, ұйқының ұзақтығы мен тереңдігін өлшейді. Бағдарлама 28 миллионнан астам рет жүктелген. Бұл тараптағы зерттеу нәтижелері британдық Nature ғылыми мерзімді басылымында да жарияланды. Әлемге әйгілі ұйқы зерттеушісі, Сукуб университетінің профессоры Масаси Янагисаба жетекшілік еткен ғалымдар тобы 18-66 жас аралығындағы 79 048 үй адамның 2,1 миллионнан астам мәліметін сараптамадан өткізген екен, олардың барлығы жұмыс істейді және қосымшада кемінде жеті күнді қамтитын ұйқыға қатысты жазбалары бар. Зерттеушілер олардыңң ұйықтау уақытын, ұйықтауға қажетті уақытын, түннің бір уағында ояну әәдетін, циркадтық ырғақтар (организмнің биологиялық сағаты) мен әлеуметтік жетлаг түрлерін қамтып, сондай-ақ, жұмыс өнімділігі мен шала ұйқыдан болатын күндізгі шаршау туралы сауалдарға жауаптарды ескеріп, қысқасы, қажетті мағлұматтарды пайдалана отырып, еңбек өнімділігімен байланыстыра отырып талдады. Нәтижесінде ұйқының сипаттамалары бес түрге бөлінеді: 1) сау ұйқы; 2) ұзақ ұйқы; 3) фрагменттелген (үздік-создық) ұйқы; 4) нашар ұйқы және 5) әлеуметтік жетлаг. Осылардың ішінде жетлагтың (ішкі биологиялық сағатының тәулік мезгілімен немесе уақытпен сәйкес кеелмеуі) жұмысқа ынтасына кері әсерін тигізгені және еңбек тиімділігі бойынша ең төмен көрсеткішке ие болды. Бұл көрсеткіштерді экономикалық шығындарға шаққанда әлеуметтік жетлаг тобындағы адамдар  ұйқысы қанық жұмысшылар тобымен салыстырғанда бір адамға шаққанда 136 000 иен (860 доллар шамасында) жылдық шығынға әкелген. Мұндай шала ұйқы тобындағылардың қарасы жалпы ұцқы режимі бұзылған өзгелерімен салыстырғанда үлесі 16% -ды құрады. Егер осыған ұқсас үлес бүкіл жапон қоғамына тиесілі деп есептесек, зерттеушілер дұрыс ұйқының салдарынан жыл сайынғы экономикалық шығынды шамамен 1 триллион иен деп бағалады. Алайда, бұл талдау қолданбаларды пайдаланушыларға бағытталғандықтан, өзге тұрғындар қамтылмаған. Сондықтан нақты экономикалық шығындар одан да көп болуы мүмкін екенін көрсетеді. Режим – ұйқы сапасы мен организмнің биологиялық ырғағы үшін маңызды кердо.

0 пікір
Мұрағат