Азиялық мемлекет әлемнің ешбір елінде кездеспейтін «жұмыс құқығының презумпциясы» туралы бастама көтеріп жатыр
Азиялық мемлекет әлемнің ешбір елінде кездеспейтін «жұмыс құқығының презумпциясы» туралы бастама көтеріп жатыр
2 сағат бұрын 66 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Оңтүстік Корея билігі осы жылдың мамыр айынан қалдырмай ел аумағында еңбек етіп жүрген 8,7 млн адамды (соның ішінде курьерлер мен шабармандарды, сақтандыру кеңесшілерін, жекеменшік білім беру нұсқаушылары, көлік жүргізушіні алмастыратын шопырды, т.б.) жұмысшы ретінде танитын әрі жіктейтін заң жобасын қабылдауға бел байлап отыр. Бұл жайында islam.kz порталы The Chosunilbo ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Әйтсе де таңғы шық елінің қоғамында осы аталған санаттағылардың шын мәнінже арнайы қызметі бар жұмысшылар ма әлде қандай да бір платформаның немесе бизнестің жалдамалылары ма деген талас-тартыс жүріп жатыр. Ал жаңа жүйе еңбек секторының қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған тағы бір заңнамалық бастама болмақ. Көптеген гиг- жұмысшылар мен платформа жұмысшылары іс жүзінде қызметкер саналатындықтан еңбек стандарттары туралы заң бойынша қорғаудан шығарылды. Сонымен қатар, кейбіреулер салық жүктемесін төмендету үшін фриланс- немесе бизнес-келісімшарттарды артық көрді. Қызметкердің мәртебесін айқындаудың түрлі өлшемдері және нақты салалардағы айырмашылықтар жұмыс орнында дау-дамай тудырды, сот талқылауларының өршуіне байланысты шығын да еселеп артады. Барлық жұмыс істейтін адамдарды қызметкер ретінде тану өз кезегінде төрт негізгі сақтандыру шартын қолдануды талап етеді: жұмыстан шығу жәрдемақысы, апта сайынғы демалыс төлемдері және 52 сағаттық жұмыс аптасы жүйесі. Сарапшылардың ескертуінше, жұмыс берушілерге түсетін қаржы жүктемесі ең төменгі жалақының қарқынды өсу деңгейінен асып түсуі мүмкін. Шығындардың өсуі АІ технологиясын жаппай енгізу науқанынан және өзіне-өзі қызмет көрсету орындарын ашудан туындаған жұмыс орындарының жоғалуын тездетуі мүмкін. Мұндай бастаманың ел экономикасына пайдасы мен жұмыспен қамту шараларына қаншалықты ықпалы барын әзірге сарапшылар айта қойған жоқ.

0 пікір
Мұрағат