|
БАӘ шетелдіктердің тағы бір санатына “Алтын виза” ашады
|
Біріккен Араб Әмірлігінің билігі “Алтын виза” алуға құқығы бар азаматтардың қатарын тағы бір санатпен толықтырды. Бұл жайында islam.kz порталы Khaleej Times ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дәлірегі, бұдан былай уақып сыйлаушыларға да ел аумағында ұзақ уақыт тұруға рұқсат етіледі. Дубайдың резиденттер мен шетелдіктердің істері жөніндегі бас басқармасы (GDRFA-Dubai) мен ислам және қайырмалдық істері жөніндегі бас басқармасы (Awqaf Dubai) арасындағы келісім нәтижесінде гуманитарлық мақсатта уақып жасайтындар «гуманитарлық қызметтің қаржылық демеушілері» санатында «Алтын визаны» ала алады. КАталмыш келісім аясында Awqaf Dubai уақыптарды сыйға тартушыларды, резиденттерді де, резидент еместерді де ұсынады, ал GDRFA-Dubai өз кезегінде мақұлданған ұсынымдар негізінде виза береді. GDRFA-Dubai бас директоры, генерал-лейтенант Мұхаммед Ахмет әл Марри бұл бастама қайырымдылық істерді қолдау әрі ынталандыру мақсатында, асыл құндылықтарды дәріптеу үшін қолға алынып отырғанын мәлімдеді. Айта кету керек, Awqaf Dubai уақыпта реттейтін және қадағалайтын ұйым. Уақып табыстары әмірліктің барлық аумағындағы шариғат талаптарына сәйкес келетін жобалар мен бастамаларға жұмсалатын болады.