Бай мемлекеттер кедей елдерге мигранттарға байланысты көмегін тоқтатуы мүмкін
Бай мемлекеттер кедей елдерге мигранттарға байланысты көмегін тоқтатуы мүмкін
5 ай бұрын 970 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Еурокомиссия Африка құрлығындағы кедей елдерге қаржылай көмекті қысқарту туралы бастама көтерді. Егер кәрі құрлыққа, яғни, Еуропаға ағылып жатқан мигранттар мен босқындарды шектейтін тегеурінде шараларды қабылдамаса немесе қолданбаса Африкадағы табысы төмен елдерге днор болуды тоқтатуды ұсынды. Бұл жайында islam.kz порталы Politico ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Осыған байланысты Еуропалық одақтың көрсететін қолдауы кәрі құрлыққа ағылған мигранттарды тежеудің пәрменді шараларымен тікелей байланысты болмақ. Дәлірегі, Африканың солтүстігі мен орталық бөлігінен ағылған мигранттар турасында сөз болып отыр бұл арада. Атап айтқанда, Еурокомиссия 2023 жылы мақұлданған Тунис келісіміне ұқсас келісімдерге келуге ұмтылады. Ол кезде Брюссел Жерорта теңізінде мигранттардың қайықтарын бұғаттау шараларына 1 млрд еуродан астам қаржы бөлуге уәде берген болатын. Алайда, кейінірек көмек сомасы 127 млн еуроға дейін қысқартылды, бұл Тунистің наразылығын тудырды. Нәтижесінде Тунис 60 млн еуроны қайтарып, келісімнен шықты. Десе де аталмыш бастама түрлі саяси партиялар тарапынан қатаң сынға ұшырап, наразылыққа тап болуда. Сарапшылардың пікірінше, еуропалық елдер одағының бұл стратегиясы өздерінің сыртқы мүддесін қорғау үшін дамушы елдерді құрал ретінде пайдаланатын Америка құрама штаттары мен Ұлыбритания әдісіне ұқсастығын сынға алуда.

0 пікір
Мұрағат