|
Бал өндіруден үшінші орында тұрған ел
|
Иран әлемде бал өндірісі бойынша жетекші елдердің бірі. Жыл сайын бал өндірісін арттырып келе жатқан ел. Бұл жайында Tehran Times ақпарат көзі аталмыш елдегі Біріккен Ұлттар Ұйымының жанындағы Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының өкілі Герольд Бедекер мәлім етті. Алайда, таяуда Иран аумағында орын алған табиғи апаттан, яңни, тасқын-селден 50 мың ара отбасы зардап шеккен болатын. Бұл өз кезегінде әлемдегі бал мөлшерін 600 тоннаға кем етеді. Осыған байланысты балдың бағасы шарықтап, тұрмысы төмен отбасылардың ас мәзірінен жоғалады.