|
Бала тууға шектеу қойылды
|
Мысыр билігі туу көрсеткішін төмендету мақсатында "Екеуі жетеді" деген атпен демографиялық шектеу шарасын қолға алды. Пирамидалар елінің әлеуметтік ынтымақ министрлігіндегі аталмыш бастаманы үйлестіруші Ранда Фарес негізгі мақсат ел тұрғындарының санасын өзгертуге саятынын жеткізді. Бұрын да хабарлағанымыздай, аталған ел тұрғындарының саны 100 млн адамнан асып кеткен. Жыл сайын 2,6 млн адамға көбейіп отырады. Халық санының көбеюіне байланысты Мысырдың экономикалық-әлеуметтік әлеуетіне қауіп төнген. Дәлірегі, жұмыссыздықтың белең алуы, су ресурсы мен азық-түлік тапшылығы, т.б. проблемаларды халық санының көбеюімен байланыстырып отыр. Мысыр билігі.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Әлемде ЖІӨ жағынан екінші орында тұрған елдің жан басына шаққандағы денсаулыққа жұмсайтын шығыны 3845 долларға жетті
■
Қазақстанда әскердегі сарбаздарға намаз оқуға бола ма
■
Кореяның дәрі-дәрмек экспорты рекордтық деңгейге жақындады
■
Робот та қайыр тілеуге көшті (видео)
■
Араб еліндегі тоқыма бұйымдар қалдығын өңдеу жобасы 30 мыңнан аса жұмыс орнының ашылуына себеп болмақ