Балалар арасындағы артық салмақтан зардап шегетіндер қарасы ашқұрсақ балалар санынан асып түскен - UNICEF
Балалар арасындағы артық салмақтан зардап шегетіндер қарасы ашқұрсақ балалар санынан асып түскен - UNICEF
3 ай бұрын 1073 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті. The report said that unhealthy food environments are a key driver for the rise in obesity among children © Dominic Lipinski/empics picture alliance

Біріккен Ұлттар Ұйымының қарамағындағы Балаларды қорғау ұйымының (ЮНИСЕФ) таяуда жарияланған баяндамасында келтірілген дерекке қарағанда, күллі әлем бойынша артық салмақтан зардап шегетін балалар қарасы ашқұрсақ балалар санынан асып кеткен. Бұл жайында islam.kz порталы Deutsche Welle ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Осылайша тарихта алғаш рет 19 жасқа дейінгілер арасында тойып тамақтанбайтындар санынан семіздік дертіне шалдыққан балалар санының асып түсті. 2000 жылдан бастап салмағы жеткіліксіз балалар саны 190-нан астам елде жиналған мәліметке сәйкес 5-тен 19 жасқа дейінгі балалар арасында 13% -дан 9,2% -ға дейін төмендеген. Сонымен қатар, семіздік деңгейі осы кезеңде 3% -дан 9,4% -ға дейін үш есеге жуық өсті. Аталмыш баяндамада бес жастан 19 жасқа дейінгі әрбір бесінші баланың салмағы артық, жалпы алғанда шамамен 391 миллион балаға жеткен айтылған. Артық салмақтан зардап шегетін балалар мен ашқұрсақ балалар саны арасындағы айырмашылық Африка құрлығы мен (Сахара шөлінен оңтүстікке қарай жайғасқан елдер) мен Оңтүстік Азияда елеулі деңгейге жеткен емес. Табысы жоғары көптеген елдерде бұрынғысынша семіздіктің жоғары деңгейі байқалып отыр. Соның ішінде Чилиде 5-19 жастағы балалардың 27% -ы, Америка құрама штаттарында 21% -ы және Біріккен Араб Әмірліктерінде 21% -ы артық салмақтан зардап шегеді. ЮНИСЕФ сарапшыларының пікірінше, семіздіктің өсу үрдісі едәуір дәрежеде қолайсыз тамақ ортасымен байланысты. Баяндамада «құрамында қант, тазартылған крахмал, тұз, зиянды майлар мен қоспалары бар, шектен тыс өңделген өнімдер мен жылдам дайындалған өнімдер балалардың тағамға деген жеке талғамын немесе таңдауын емес, қолайсыз тамақ ортасынан қалыптастырады» деген ескерту жасалған екен.

0 пікір
Мұрағат