Балаларды қорғау күнінен бастап, балалар жүрген жерде шылым шегуге тыйым салынады
|

Францияның денсаулық сақтау министрі Катрин Вотрен Ouest France мерзімді басылымына берген сұхбатында Балаларды қорғаудың халықаралық күніне орайластырып, маусымның 1-нен бастап, балалар жүретін ашық қоғамдық орындарда шылым шегуге салынған тыйымның күшіне енетінін мәлімдеді. Бұл жайында islam.kz порталы Africanews English ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Балаларды жат әдеттен қорғау әрі ұлт саулығын ойлаған француз билігі темекіге қарсы күрес жөніндегі ұлттық бағдарламасын 2023 жылы жариялаған болатын. Ашық қоғамдық орындарды темекі тартқандарға, яғни, аталмыш тыйымды елемегендерге 135 еуро мөлшерінде айыппұл салынады. Бұдан бөлек, жағажай, саябақ, спорттық кешендер, автобус аялдамалары, мектептің айналасы ашық қоғамдық орындар санатына енеді. Міне, аймақтарда шылым шегуге тыйым салынып отыр. Франция бидігі шылымның кесірінен орын алатын өлім-жітімді азайтуды басты міндеттерінің біріне айналдырды. Статистикалық дерек бойынша жыл сайын аталған еуропалық елде 75 мың адам темекі шеккеннен көз жұмады. 2023 жылғы шылым шегумен күрес бағдарламасы бойынша 26 шара жүзеге асырылып жатыр. Солардың ішінде темекі өнімдерінің бағасын көтеру, қорабында шылым шегудің зияны туралы ақпарат жариядау, т.б. шаралар бар.




