|
Балаларға деген қамқорлығы үшін күзетші марапатталатын болды (ВИДЕО)
|
Сауд Арабиясының астанасындағы №373 мектептің қарт күзетшісі сабаққа бет алған оқушылардың жолдан өтуіне ұдайы көмектесетіні үшін марапатталатын болды. Көлік жүргізушілердің бірі оның оқушыларға жолдан өтуіне көмектесіп тұрған сәтін таспаға тартып алып, әлеуметтік желіге салған екен. Тек салып қана қоймай, білім беру министріне оның бұл еңбегін елеусіз қалдырмауды сұрап, жазба қалдырған екен. Аталмыш министрлік тарапынан жауап көп күттірген жоқ. Министр «Твиттердегі» өзінің парақшасында оқушыларға ұдайы қамқор болып жүретін күзетшіні марапттайтынын жазыпты. Бұл жайында «әл-Арабия» ақпарат көзі хабар таратты.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Кентавр роботтың қандай пайдасы бар (видео)
■
Жалғызбасты әйелдер қарасының көбеюі Рауте қауымына қауіп төндіре бастады
■
Үндістан арықтататын дәрі-дәрмегімен жаһандық нарықты өзгертпек
■
2050 жылға таман жаһандық жылынудан тағы бірнеше жүз мың өлім-жітім болады
■
Мәйіт өртейтін елде крематорилер жұмысын тоқтатып жатыр