|
Балалы болғысы келмегендерге салық салынуы мүмкін
|
Башқұртстан республикасының парламент скипері Константин Толкачев туу көрсеткішінің төмендеп кетуіне алаңдаушылық білдіріп, балалы болғысы келмегендерге салық салуды ұсынды. Осылайша, перзент сүйгісі келмегендерді балалы болуға осы бастамасымен жанама түрде әсер етпекші. Алайда, оның бұл ұсынысының белсіздіктен немесе бедеуліктен бала көтере алмай жүргендерге қатысы жоқ. Оның келтірген дерегіне қарағанда аталған республикада алғашқы жарты жылдықта 19 622 бала туған. Осыдан бірнеше жыл бұрын аталған республиканың бір ғана ауданында туу көрсеткіші 60 мыңға дейін жеткен. Ол ол ма, өткен жылдың 40-шы және 50-ші жылдары бұл көрсеткіш 100 мыңға дейін жеткен екен.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Кентавр роботтың қандай пайдасы бар (видео)
■
Жалғызбасты әйелдер қарасының көбеюі Рауте қауымына қауіп төндіре бастады
■
Үндістан арықтататын дәрі-дәрмегімен жаһандық нарықты өзгертпек
■
2050 жылға таман жаһандық жылынудан тағы бірнеше жүз мың өлім-жітім болады
■
Мәйіт өртейтін елде крематорилер жұмысын тоқтатып жатыр