|
Баланы еден жуатын таяқтың көмегімен құтқарып қалды (видео)
|
Қытайдың Шаньдун провинциясында төртінші қабаттағы пәтердің терезесінен құлаған баланы қытай азаматы 20 минут бойы швабрамен ұстап тұрған. Бұл жайында ағылшындардың Sky News телеарнасы хабар таратты. Ван Баопин (Wang Baoping) есімді ер адам көшеде кетіп бара жатып, баланың шыңғырған даусын естиді. Оның терезенің темір торына ілініп тұрғанын көреді. Ал оның басы темірдің арасына қыстырылып қалған екен. Ол ойланып жатпастан үйге кіріп, швабраны алып, үшінші қабаттан баланы әке-шешесі ішке кіргізіп алғанша ұстап тұрды.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Кентавр роботтың қандай пайдасы бар (видео)
■
Қазақстанда ел ішіп жүрген кейбір шайлар қауіпті болып шықты
■
Жалғызбасты әйелдер қарасының көбеюі Рауте қауымына қауіп төндіре бастады
■
2050 жылға таман жаһандық жылынудан тағы бірнеше жүз мың өлім-жітім болады
■
Мәйіт өртейтін елде крематорилер жұмысын тоқтатып жатыр