Барлық мемлекеттік қарыз 102 трлн долларға жетті
Барлық мемлекеттік қарыз 102 трлн долларға жетті
4 ай бұрын 654 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

2023 жылы дамушы елдер несиесі бойынша алған қарызының 487 млрд долларын қайтарды. Бұл көрсеткіш алған сомадан 25 млрд долларға көп. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Біріккен Ұлттар Ұйымының баспасөз қызметі келтірген дерекке жөн сілтеген yenisafak.com ақпарат көзіне сілеме жасай отырып мәлім етеді. Күллі әлем бойынша мемлекеттік қарыз мөлшері өткен жыоы 102 трлн долларға жеткен. Бұл орасан зор қаражаттың үштен біріне жуығы – 31 трлн доллар – дамушы елдердің еншісінде. 2010 жылы дамушы елдерде мемлекеттік қарыз дамыған елдерге қарағанда екі есе жылдам өскен. Бүгінде 3,4 миллиард адам пайыздық төлемге денсаулық сақтау мен білім беруге қарағанда көп қаражат жұмсайтын елдерде тұрады. «Қарыз дамудың пайдалы құралы болуы мүмкін, бірақ, шамадан тыс қарыз экономиканы тежейді және болашақты күйретеді», - деп айтылған БҰҰ баяндамасында. Дамушы елдердегі мемлекеттік қарыз өңірлер бойынша ерекшеленеді: Азия мен Океанияға әлемдік қарыздың 24 пайызы, Латын Америкасына - 5 пайызы, ал Африкаға - тек 2 пайызы ғана тиесілі. Бұл ретте неғұрлым кедей мемлекеттер, мысалы, Америка құрама штаттарына қарағанда 2-4 есе жоғары мөлшерлемемен қарыз алуға мәжбүр.

Мемлекеттік қарыз - бұл мемлекеттің несиелік міндеттемелерінің сомасы. Мемлекеттер қарыз қаражатын ел ішіндегі жеке немесе заңды тұлғалардан, сондай-ақ, шетелдік азаматтардан, ұйымдар мен үкіметтерден пайызбен және белгілі бір мерзімге алады. Мұндай кредиттер бюджет тапшылығын жабуға, артық ақшаны экономикадан шығаруға немесе капиталды көп қажет ететін жобаларды іске асыруға мүмкіндік береді, алайда, артық ақша дефолтқа әкелуі мүмкін. Мемлекеттік борышты ұлттық немесе шетел валютасымен, сондай-ақ, жалпы ішкі өнімге шағып пайызбен өлшейді.

0 пікір
Мұрағат