|
Башқұрстанда 14 жастан некеге тұруға рұқсат беретін заң шықты
|
Құрылтай Мемлекеттік жиналысының депутаттары бұл заңды бірінші оқылымда бірден мақұлдады. Енді құжатқа сәйкес, башқұрлар белгілі жағдайларда 14 жастан некеге тұра алады, деп хабарлайды epochtimes.ru. Бастапқыда бұл заң жобасын қарастыруға ел прокуратурасы енгізген екен. Бас прокурор көмекшісі Руслан Исмагиловтың айтуынша, неке туралы бұрынғы кодексте үйленуге рұқсат болатын жас сан-саққа жүгіртіліп, нақты жазылмаған болып шықты. Бұрынғы заңға сәйкес, некеге отыратын жасөспірімдердің құжаттары міндетті түрде тергеу органдарының тексеруінен өткізілетін. Прокуратура мәліметінше, Башқұрстанда 16 жасқа жетпеген жасөспірімдер арасында жылына 10-20 неке тіркеледі екен. Мұндағы балалар омбудсмені бұл заңға қарсылық білдірмепті.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Кентавр роботтың қандай пайдасы бар (видео)
■
Жалғызбасты әйелдер қарасының көбеюі Рауте қауымына қауіп төндіре бастады
■
Үндістан арықтататын дәрі-дәрмегімен жаһандық нарықты өзгертпек
■
2050 жылға таман жаһандық жылынудан тағы бірнеше жүз мың өлім-жітім болады
■
Мәйіт өртейтін елде крематорилер жұмысын тоқтатып жатыр