|
Башқұрт тіліне қауіп төнді
|
Башқұртстанда башқұрт тілін міндетті оқыту күн тәртібінен алынды. Бұл жайында Ресей Федерациясы құрамындағы аталмыш республика басшысы Рүстем Хамитовтің өзі мәлімдеді. "Башқұртстан Республикасының білім беру министрлігі аймақтарда ана тілін оқытуға қатысты ахуалды тағы бір мәрте сараптан өткізіп, башқұрт тілін мемлекеттіе тіл ретінде міндетті түрде оқытудың сегізінші және тоғызыншы сыныптардың оқу жоспарына өзгерту енгізудің қажеттілігіне көз жеткізді. Башқұрт пен ресейлік заңнамаларды федералды мемлекеттік стандарттарға сәйкестендіріп, ана тілді оқытудың тәсілдері қарастырылуда",- деп мәлімдеді. Бұл жайында proufu.ru ақпарат көзі хабар таратты.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Диқан бір тамшы сусыз қауын-қарбыз өсіріп отыр (видео)
■
Сарапшылар жасанды зерденің ешуақытта адам деңгейіне жете алмайтынын алға тартып отыр
■
Жапондық инженерия көңді алтынға айналдырады
■
Қытай соғыс кезінде жасанды зердені де майданға жұмылдыратын заң қабылдады
■
Азия елі 14 мың аюдың көзін жойды