|
Baykar компаниясы Kalkan Diha әскери дронын жұртшылық назарына ұсынды (видео)
|
Түрік ұшақтарын шығаратын Baykar компаниясы барлау, өртті реттеу және аумақты патрульдеу үшін қолданылатын Kalkan Diha әскери ұшқышсыз ұшу аппаратының жаңа үлгісін көрсетті. Бұл жайында islam.kz порталы baykartech.com дерек көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Жаңа Kalkan Diha VTOL дрон электр қозғалтқыштарымен жұмыс істейді, бұдан бөлек, оның іштен жанатын қозғалтқышы да бар. Электр стансалары дронның мейлінше жоғары жылдамдығын сағатына 130 шақырымға дейін арттыра алады. Ұшу қашықтығы 100 шақырымды құрайды. Kalkan Diha автономды түрде де, оператордың бақылауында да жұмыс істей алады. Ең жоғары ұшу биіктігі - 4,3 шақырым.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Мұсылмандар елі христиандардың басты мерекесін демалыс етіп жариялады
■
Азиядағы ең қымбат компанияның табысы рекорд орнатты
■
Сингапур 2025 жылы байлығы жағынан екінші ел атанды
■
Халал инвестиция 2025 жылы 25,5% табыс әкелді
■
Үйдің қай қабатында тұратын адамдардың денсаулығы ерте сыр береді? – зерттеу