|
Бір айдың ішінде осымен екінші мешіт отқа оранды
|
АҚШ-тың Техас қаласында ислам орталығы толық жанып кетті. Өртті ең алдымен жергілікті дүкен қызметкері байқап қалып, арнайы қызметке хабарласқанымен, ғибадат ғимаратын аман алып қалу мүмкін болмады. Аталмыш қаланың өрт сөндіру басқармасының мамандары тілсіз жаудың неден шыққанын анықтап жатыр. Бұл жайында islam.ru ақпарат көзі хабар таратты. Айта кету керек, бір айдың ішінде осы штатта орын алған екінші жағдай бұл: осыдан бірнеше күн бұрын Трэвис көлінің маңындағы мұсылмандардың құлшылық үйі отқа оранып, күлі қалған еді. Белігілі бір себептерге байланысты шыққан өрт пе, әлде исламофобтардың әрекетінің салдары ма, ол турасында ақпарат жоқ.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Ем-домға бой бермейтін обыр түрімен күресуде маңызды қадам жасалды
■
Латын Америка мемлекеті елге Інжілді, діни әдебиеттерді әкелуге тыйым салды
■
Ғалымдар жарық жылдамдығын таспаға тартып алудың орайын тапты (видео)
■
Ширек ғасырда адамзаттың 80%-ы су тапшылығын тартады
■
Мұсылман елінің тұтас бір провинциясы ауыл шаруашылығын жүргізуде гидропонды технологияға көшеді