Бір елдің өзінде 1 жылда 6 млн-нан аса Інжіл кітабы сатылған
Бір елдің өзінде 1 жылда 6 млн-нан аса Інжіл кітабы сатылған
3 сағат бұрын 63 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті. Фото: Nick Oxford / Reuters

Өткен (2025) жылы Ұлыбританияда Інжілдің 6,3 данасы сатылған. Бұл осы ел тарихындағы ең жоғары рекордтық көрсеткіш. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде SPCK Group баспасының дерегіне жөн сілтеген The Guardian мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. «Бұрын атеизм бүліктің басы ретінде қарастырылған еді. Енді қазір бәрі керісінше. Жас ұрпақ христиандықты ұстануға мүдделілік танытып отыр», - деп мәлімдеді аталмыш баспаның атқарушы директоры Сэм Ричардсон. Оның топшылауынша, жастар соңғы жылдары әлемдегі геосаяси ахуал мен әлеуметтік саладағы өзгерістерге және жасанды зерденің дамуына орай дінге ден қоя бастаған. Соңғы мәлімет бойынша христиандардың киелі кітабының саудасы 2019 жылмен салыстырғанда 134 пайызға артқан. Ал 2018 жылдан 2024 жылға дейін шіркеуге келушілер қарасы 4 пайыздан 16 пайызға өскен.

0 пікір
Мұрағат