|
Бір елдің өзінде құрғаған сулы-батпақты аймағының аумағы Мәрмәр теңізінен асып түсті
|
Соңғы 60 жылда Түркия 2 млн гектардай сулы-батпақты аймағынан айырылып қалды. Бұл шама Мәрмәр теңізінің көлемінен бір жарым есе үлкен аумаққа тең. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде аталған елдің табиғатта қорғау жөніндегі қауымдастығына (Doğa Derneği) жөн сілтеген mk-turkey сайтына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл құбылысқа жаһандық жылынумен байланысты құрғақшылық ықпал еткен. Соның салдарынан Түркия жерінің биологиялық әралуандылығы жұтаң тарқан. Осы орайда 1971 жылы экологиялық жүйені қорғауға бағытталған Рамсар конвенциясына қосылса да Түркия бұл апаттың алдын алуға дәрменсіздік танытқанын айта кетпекпіз. Климат дағдарырысы тек бір елмен немесе бір белдеумен шектелмейді. Ғаламдық апат. Табиғатты қорғау жөніндегі бағдарламалардың үйлестірушісі Шапақ Арслан сулы-батпақты жерлер тарихи тұрғыдан адам қоныстанған алғашқы мекендердің бірі болғанын атап өтті. Сулы-батпақты алқаптар - биологиялық тіршілікті қамтамасыз етуде және көміртекті сіңіру, әсіресе, шымтезекті қалыптастыру және ұстап тұру қабілеті бар маңызды экожүйелер. Олардың жоғалуы су циклін бұзады. Салдарынан құрғақшылық жиі орын алады және өұрғақшылық жайлайтын аумақтың ұлғайтады. Түркия суды жақсы көретін құстардың көші-қон жолында тұрған бекет іспетті. Сулы-батпақты өңірлердің жойылуы тек өсімдіктерді жойып қоймай, сонымен қатар, құстар әлеміне залалын тигізеді. Сарапшылардың есебінше, ХХ ғасырдың бас кезінен бері жер бетіндегі сулы-батпақты өлкелердің жартысы жойылып кеткен. Өкінішке қарай, сулы-батпақты аймақтардың көбісі енді қалпына келуі екіталай. Сулы-батпақты жерлердің жойылуына, сондай-ақ, ауыл шаруашылығы да зардабын тигізеді. Суғару жүйесі, суды көп тұтынатын өсімдіктерді егу, т.б.