Бір ғана араб еліндегі кермек суды тұшшыландыру нарығы аз жылда 112%-ға артады
Бір ғана араб еліндегі кермек суды тұшшыландыру нарығы аз жылда 112%-ға артады
15 күн бұрын 885 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Соңғы 7 жыл бойы ел аумағының барлық дерлік түкпірін жайлаған құрғақшылықтан көз ашпаған Мароккадағы су тұшшыландыру нарығы өткен 2024 жылы 400 млн долларға жеткен. Бұл көрсеткіш 2033 жылы 850 млн долларға жетіп, шамамен 112,5%-ға артпақ. Жылдық өсі қарқыны 8,74% деңгейін сақтай отырып. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Renub Research маркетингтік және консалтингтік зерттеу компаниясы келтірген дерекке жөн сілтеген Morocco News ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш компания есебінде айтылғандай, бұған ең алдымен су ресурсының тапшылығы мен жаңғыртпалы энергия көздеріне қатысты мемлекет тарапынан құйылатын инвестиция мөлшерінің артуы, қалалық жердегі суға деген сұраныстың артуы, т.б. факторлар әсер етпек. Марокко жылдан жылға артып келе жатқан су тапшылығын шешу және әдеттегі су көздеріне тәуелділікті азайту үшін тұшшыландыру бойынша өз мүмкіндіктерін жедел кеңейтуға мүдделі әрі мәжбүр, ал Касабланка, Ағадыр және Сафи сияқты жағалауда орын тепкен қалаларда салынған суды тұшшыландыру қондырғылары зауыттарды, үйлерді, фермаларды және өнеркәсіпті сумен қамтамасыз етпек. Стратегиялық маңызы артып келе жатқан бұл сектор, сонымен қатар, жаңғыртпалы энернияны қоршаған ортаға теріс әсерін азайтатын әрі шығынды төмендететін озық технологияларды, соның ішінде тұзды тиімді жолмен кетіретін кері осмос секілді технологияны кіріктіруді ұйғарады. Құны 14,3 миллиард доллар болатын Ауызсу және суару ұлттық бағдарламасын (PNAEPI) қоса алғанда, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік пен мемлекеттік бастамалар инвестицияларды, инновацияларды және ұзақ мерзімді су қауіпсіздігін қолдауға басымдық береді. 2025 жылдың ақпан айында қуаты жылына 250 миллион текше метр су тұшшыландыруға жететін, қаланы, сондай-ақ, іргелес жатқан ауыл шаруашылығы және қала аудандарын сумен қамтамасыз ететін Марокконың шығыс өңіріндегі Надор зауыты да маңызды рөл ойнайды.

0 пікір
Мұрағат