|
Бір ғана араб елінің креативті саласы тұтас индустрияға айналған
|
Марокконың креативті секторы айналымы бірнеше миллиардтық индустрияға айналғанымен көптеген бизнеске тән, банк тарапынан қаржыландыру процедурасынан мақұрым қалған. Бұл жайында islam.kz порталы Morocco News ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Халықаралық қаржы корпорациясының (IFC) есебінде аталмыш сектордың ауқымына баға берілген: 2023 жылы шамамен 43 миллиард MAD-қа, яғни, марокколық ұлттық валютасына жеткен, бұл көрсеткіш Марокконың жалпы ішкі өнімінің 2,4% -ын құрайды және 116 000-нан астам жұмыс орнын қамтамасыз етіп отыр. Сектордың осыншалықты ауқымына қарамастан бұл елдегі креативті кәсіпорындар несиелердің жалпы мөлшерінің 0,5% -нан кем алады. Секторда жұмыс істейтін шамамен 9 500 компанияның тек 3% -ы ғана 2021 жылы формалды түрде қаржыға қол жеткізе алған. Сонда неге өсім мен қаржыландыру арасында осындай алшақтық бар? Басты проблема - банктер «қауіпсіз» бизнесті қалай анықтайдығында жатыр. Мароккодағы кредиторлар кепіл ретінде пайдалануға болатын жеке активтері бар компанияларды таңдайды. Бұл егер несиелер қайтарылмаса, кепілген қойылған фабрикаларды, ғимараттарды немесе жабдықтарды қайтарып алуды білдіреді. Ал шығармашылық бизнестің көпшілігі басқаша жұмыс істейді. Киностудия, музыкалық продюсер, графикалық дизайнер немесе цифрлы контентті жасаушылар нақты табыс ала алады, алайда, олардың құндылығы негізінен зияткерлік меншікте, брендтің ұқсастығында және болашақ келісімшарттарда, тек нақты активтерде емес. Осыған байланысты банктер әлі күнге дейін мұндай құнды бағалауға толық дайын емес. IFC креативті сектордың өсуі мен банк несиесін реттеу арасында сәйкессіздік барын мәлімдейді. Мәселе - секторға сұраныстың немесе таланттардың жетіспеушілігінде емес, қаржы жүйесінің қазіргі заманғы креативті индустриялардың шын мәнінде қалай жұмыс істейтінін жете білмеуінде. Бұдан бөлек, креативті компаниялар әдетте көп қаржыны іздемейді, ал банктер неғұрлым ірі және пайдалы кредиттік мүмкіндіктерге назар аударады. Банктерді тағы бір сақтандыратын нәрсе - креативті сектордағы табыстың болжауға келмейтіндігі. Көптеген шығармашылық бизнес шағын, жобалық және тұрақты емес табысқа ие. Режиссер бір жобадан жақсы ақша табады, содан кейін келесінің қаншалықты табыс түсеретіне кепілдік бере алмайды. Дизайнер маусымдық келісімшарттарға немесе халықаралық клиенттерге сүйене алады.