Бір ғана эпидемиология саласындағы АІ нарығы енді бес жылда 2,6 млрд долларға жетеді
Бір ғана эпидемиология саласындағы АІ нарығы енді бес жылда 2,6 млрд долларға жетеді
9 ай бұрын 1078 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті. Photo from Envato

2030 жылға таман эпидемиология саласындағы жаһандық жасанды зерде нарығы болжам бойынша 2,6 млрд долларға жетеді. Бұл жайында islam.kz порталы Healthcare Asia ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұған нақты уақыт аралығында жұқпалы індеттерге қатысты ауруларды қадағалауға деген сұраныстың өсуі себеп болады. Дәлірегі, жылдық өсу қарқыны 25,2% шамасында болады. Жұқпалы індет пандемияға ұласып кетпеуі үшін оның алдын алу шараларының маңызы зор. Сондай шаралардың бірі – ауруды дер кезінде анықтап, оқшаулау. Осы заманғы озық технология көмегімен мұндай шараның тиісмділігін арттыруға болады. Бұған қоса, бұл тараптағы нарықтың өсуіне медицина қызметкері өзімен бірге алып жүретін құрылғылар мен қолданбаларға деген сұраныс та ықпал етпек.

0 пікір
Мұрағат