|
Бір күнде 12 мың рет түшкірген
|
Техас штатының тұрғыны 12 жастағы Кейтлин Торнлидің қандай науқасқа шалдыққаны беймәлім. Себебі ол бір тәулік ішінде 12 мың ретке дейін түшкіретін болған.
Оның мұндай күйге душар болғанына осымен үшінші апта толған, - деп хабарлайды nur.kz порталы ABC News ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып.
Дәрігерлер болса, қыздың бұл жағдайын түсіне және түсіндіре алмай әлек. Кейтлиннің өзі былай дейді: «Мен кларнет аспабын тарту үйірмесінен үйге келе жатып түшкіре бастадым. Сол түні мен ұйықтап жатып, 30-ға жуық рет түшкіргенім есімде».
Ал оқушының ата-анасы қыздарының денсаулығы үшін қатты алаңдаулы. Олардың айтуынша, қазір Кейтлин сабаққа барудан қалған. Түшкірікті ауырсынған ол тіпті дұрыстап тамақтана алмайды.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Кентавр роботтың қандай пайдасы бар (видео)
■
Қазақстанда ел ішіп жүрген кейбір шайлар қауіпті болып шықты
■
Жалғызбасты әйелдер қарасының көбеюі Рауте қауымына қауіп төндіре бастады
■
2050 жылға таман жаһандық жылынудан тағы бірнеше жүз мың өлім-жітім болады
■
Мәйіт өртейтін елде крематорилер жұмысын тоқтатып жатыр