|
Бірер жылдан соң күн негізгі электр энергиясының көзіне айналады
|
BloombergNEF агенттігінің таяудағы есебінде келтірілген дерегі бойынша геосаяси ахуалға байланысты әлем елдері жаңғыртпалы энергия көздеріне жаппай көше бастайды. Осылайша қазбалы отын импортына тәуелділікті барынша азайтуға әрі энергетикалық қауіпсіздікті орнатуға күш салатыны айтылған. Бұл жайында islam.kz порталы Мobilaser.kz ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. 2032 жылға таман күн энегриясы жаһандағы негізгі электр энергиясының көзіне айналады. Бұған ең алдымен технология құнының төмендеуі, технологиялық прогресс және артық өндірістік қуат себеп болады. Сонымен қатар, энергия жинақтау жүйелерінің рөлі күрт артады: олардың жаһандық қуаты 17 есе - 2025 жылғы 223 ГВт-тан 2035 жылға қарай 3,8 ТВт-қа дейін ұлғаяды.Осыған қарамастан жаһандық жылыну деңгейін 1,5°C-тен асырмау міндеті орындалмайтын межеге айналады. Адамзат жаһандық жылыну деңгейін ары кетсе ауа температурасын 1,8 °C-ден асырмаса да оның өзі үлкен жетістік саналады. Электр энергиясына көшу қарқыны әлем елдерінде біркелкі болмайды. Қытайда электр энергиясы 2023 жылы-ақ басым энергия көзіне айналады, Үндістан бұл өзгеріске 2041 жылы, Еуропа - 2043 жылы, ал АҚШ - тек 2040-жылдардың аяғында жетеді. Бұл ретте барлық өңірлерде көмір біртіндеп позициясын жоғалтады, ал оның генерациядағы үлесі 2050 жылға дейін айтарлықтай төмендейтін болады. Электрге сұраныстың өсуіне қарамастан табиғи газ энергияға деген жаңа сұраныстың төрттен бір бөлігін қамтамасыз етеді, ал электр қуаты үштен екі бөлігін жабады. Тұтастай алғанда энергия жүйесі неғұрлым күрделі сипат алғанымен икемді құрылымға ие болмақ: 2035 жылға қарай барлық өндірістің 11% -ы түрлі секторлар мен тұтыну бағыттары арасында қайта бөлінетін болады, ал бұл желіге және инфрақұрылымға инвестицияларды талап етеді. Қытай көміртегі нарығында (ETS) атмосфераға көмірқышқыл газын азайтудың басты драйвері болып қала береді: 2030 жылға қарай бұл елдегі көрсеткіш 2023 жылмен салыстырғанда 17% -ға, ал 2050 жылға қарай шамамен жартысына азаяды. Осылайша Қытай бұл тарапта Америка құрама штаттары мен Еуропаның қазіргі көрсеткіштерінен жоғары болады. Энергетиканың басқа, дәлірегі, зиянсыз көздеріне көшуге құйылған инвестиция мөлшері 2025 жылы рекорд орнатты - 2,3 трлн долларға жетті, десе де 2050 жылға дейін нөлдік “деңгейге” жету үшін тағы 235 трлн доллар қажет болады.