Биыл өлім жазасы бойынша қай елдің алда келе жатқаны белгілі болды
Биыл өлім жазасы бойынша қай елдің алда келе жатқаны белгілі болды
3 ай бұрын 983 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Біріккен Ұлттар Ұйымының адам құқығы жөніндегі жоғарғы комиссар басқармасы келтірген дерекке сәйкес Иранда осы жылдың бас кезінен бері кем дегенде 841 өлім жазасы орындалған. Бұл жайында islam.kz порталы Reuters ақпарат ресурсына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл көрсеткіш өткен жылғысына қарағанда едәуір жоғары. Тек шілде айының өзінде жүзге тарта адамға ең ауыр жаза қолданылған. Өлім жазасына кесілгендердің арасында ауған әйелдері де, белуждар, күрдтер, арабтар секілді этникалық азшылықты құрайтын ұлт өкілдері кездеседі. БҰҰ сарапшылары Ирандағы өлім жазасы авторитарлық режимнің халықты басып ұстаудың құралына айналғанын мәлімдеді. Ал БҰҰ-ның өкілі Рауин Шамдасан өлім жазасының азшылықты құрайтын ұлт өкілдері мен мигранттарға да жиі қолданыла бастағанына алаңдаушылық білдірді. Иран билігі халықаралық құқық қорғау ұйымдары мен әлем қауымдастығы тарапынан айтылған сын мен айыптауларға құлақ аспай келеді. БҰҰ мәліметінше, осы жылы тағы 11 адам өлім жазасына кесілуі мүмкін, дәлірегі, 11 адам өлім жазасы қолданылуы ықтимал. Олардың алтауына қарулы көтеріліс жасады деген айып тағылса, бесеуі 2022 жылы наразылық шарасына қатысқаны үшін өлім жазасына кесілген. БҰҰ-ның жоғарғы комиссары Фолкер Түрк Иран билігін өлім жазасына моратория жариялап, артынан қолданыстан алып тастауды талап етті.

0 пікір
Мұрағат