Биыл өлім жазасы ең көп қолданылған елдер аталды
Биыл өлім жазасы ең көп қолданылған елдер аталды
9 сағат бұрын 73 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Сауд Арабиясы 2025 жылы өлім жазасын орындаудан күллі әлем бойынша алдыңғы орынға шыққан. AFP агенттігінің дерегінше, бір жылда 340 адамға өлім жазасы қолданылған. Бұл жайында islam.kz порталы The News ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Рекордтық көрсеткіш аталған ел билігінің, дәлірегі, ішкі істер министрлігінің кісі өлтіргені үшін сотталған үш адамды өлім жазасына кескені және үкімді жүзеге асырғаны туралы хабарламасынан кейін тіркелді. AFP мәліметі бойынша 2024 жылы Саудия аумағында 338 адамға өлім жазасы қолданылған. Ал құқық қорғау ұйымдарының есебінше, 2024 жылы бұл елде 345 адамға өлім жазасы қолданылған. Олардың мағлұматынша, королдік осымен үшінші жыл қатарынан Қытай мен Ираннан кейінгі өлім жазасы бойынша әлемдік көшбасшылардың үштігіне кіріп отыр. Биылғы өім жазасының дені – 232 адамға есірткі қылмысы бойынша қолданылған, одан кейінгі орында терроризм бойынша айыпталғандар қарасы көп. Сарапшылар бұл өлім жазасының көбісін ел билігінің 2023 жылы есірткімен ымырасыз күресті күшейту бағытындағы қатаң саясатымен байланыстырып отыр. Сол кезде тұтқындалғандарға өлім жазасы енді қолданылып жатыр. Ұзақ уақытқа созылған сот талқылаулары мен айыптау үкімдеріне қатысты процедуралардан соң. Осы орайда биыл, яғни, 2025 жылы аса беделді Amnesty International халықаралық құқық қорғау ұйымының 113 елде өлім жазасын өз заңнамасынан алып тастағанын, яғни, толық жойғанын хабарлағанын айта кетпекпіз.

0 пікір
Мұрағат