Болаттан да берік ағаш пайда болды
|

Мэрилендтік InventWood стартабы осы жылдың екінші жартысында саудаға шығарылатын «Superwood» супер ағашының алғашқы коммерциялық партиясының өндірісі басталғанын хабарлады. Бұл жайында islam.kz порталы techcult ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл материалды 2018 жылы Мэриленд университетінің материалтанушысы Лианбин Ху оййлап тапқан болатын. Содан бері технологияны арзандатып, өндіріске бейімдеді, материалды лицензиялады және өндірісі іске қосылуына қажетті қаржы жиналды. Супер ағаш әдеттегі натрий гидроксиді мен натрий сульфитін суға қайнату жолымен алынады. Мұндай процесс лигнин мен гемицеллюлозаны алып тастауға мүмкіндік береді, ал босаған жасушалар олардың қабырғаларын бұзу үшін сығымдағышпен қысылады, осылайша реттілігі жоғары нано талшықтарының түзілуіне әкеледі. Шикізат ретінде пайдаланылған бастапқы материалдан 12 есе мықты болып шығады және 10 есе қатты болып келеді. Superwood, яғни, супер ағаштың қасиеті болаттан асып түседі және көміртекті талшықтарға ұқсайды. Соған қарамастан болат өндірісіне қарағанда әлдеқайда арзанға түседі әрі өндіру процесі жеңіл өтеді. Супер ағашты сынау барысында оны баллистикалық снарядпен атып көрді. Әдетте снаряд кәдімгі ағашты жаңқасын шығаратын. Ал отқа жөпшеңді жанбайтын және жауын-шашынға төзімді (көпке дейін шірімейтін) тығыздалған нұсқасын бүлдіре алмайды. Болашақта мұндай ағаштар негізгі құрылыс материалдарына айналуы мүмкін.




