|
Босқындарды аяғынан шалған тілші жұмыстан қуылды (ВИДЕО)
|
Венгерияның N1TV телекарнасының әкімшілігі түсіруші опертаор Петра Ласлоны қызметінен шеттетті. Себебі, Роске қаласындағы лагер маңында полициядан қашқан, қолында баласы бар ер адамды аяғынан шалғаны үшін. Оператордың адамгершілікке жат бұл әрекетін таспаға тартып алған әріптесі видеосын Facebook әлеуметтік желісіне орналастырған екен. Бұл видео өз кезегінде көрген жұрттың наразылығын тудырып, түрлі пікірдің өрбуіне түрткі болды. Пікір білдірушілердің дені оператордың бұл әрекетіне наразы екенін жасырмаған. Адамгершілікке жат әрекет ретінде бағалағандардың қарасы көп. Осыған байланысты бала көтерген сириялық босқынның аяғынан шалған тілші жұмысынан қуылды. Бұл жайында N1TV телеарнасының Twitter әлеуметтік желісіндегі парақшасында айтылған.