Бразилия трансшекаралық криптоаударымдар мен стейблкоинмен жүргізілетін операцияларға салық салады
Бразилия трансшекаралық криптоаударымдар мен стейблкоинмен жүргізілетін операцияларға салық салады
16 күн бұрын 348 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Бразилия билігі криптоактивті пайдалана отырып шетелге аударылатын цифрлы ақшаға, соның ішінде стейблкоинмен байланысты операцияларға салық салуды талқылап жатыр. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Reuters ресурсына жөн сілтеген Fintech-Retail ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Осылайша шетелге ақшаның құзырлы орындар тарапынан реттелетін ақша аудару жолдары арқылы мол қаржының сыртқа кетуіне тосқауыл қоймақ әрі бюджет түсімін арттырмақ. 2026 жылдың ақпан айында қолданысқа енетін аталған елдің орталық банкінің жаңа ережесінде көзделген талаптарға сәйкес стейблкоин де валюталық опреация құралына жатқызылады. Осыған байланысты аталмыш цифрлы активке валюталық реттеу режимі қолданылады және салық салынады. Салық қызметінің мәліметінше, 2025 жылдың бірінші жарты жылдығында Бразилиядағы криптоактивтермен жүргізілген операциялардағы қаражат 227 млрд реалға (шамамен 42,8 млрд долларға) жетті. Бұл шаманың шамамен үштен екісі USDT стейблкоиніне тиесілі болды, биткоиннің үлесі шамамен 11% -ды құраған. Сарапшылардың есебінше, импорт кезінде есепке алынбаған крипто төлемдерінің салдарынан бюджет шығыны жылына 30 млрд доллардан асуы мүмкін.

0 пікір
Мұрағат