Бразилияда енді әйелді жек көру қылмыс саналады
Бразилияда енді әйелді жек көру қылмыс саналады
1 сағат бұрын 48 kaz.inform.kz Айдар Оспаналиев, Абылайхан Жұмашев

KAZINFORM – Бразилия сенаты әйелді жек көретіндерді 5 жылға дейін бас бостандығына айыруды көздейтін заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды италиялық Agenzianova.

Бразилия Федералдық сенаты әйелдерді жек көруді кемсітушілік пен өшпенділікке байланысты қылмыстар қатарына енгізетін заң жобасын мақұлдады. Құжатта бұл әрекет нәсілшілдікпен теңестіріліп, екі жылдан бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Бұл туралы Сенаттың баспасөз қызметі хабарлады.

Заң жобасында әйелдерді жек көру әйелдерге қатысты өшпенділік немесе жиіркеніш білдіретін әрекет ретінде анықталған. Аталған шара фемицидке қарсы саясат аясында қабылданып отыр.

Енді заң жобасы түпкілікті бекіту үшін депутаттар палатасына жолданды.

Осыған дейін Бразилияда орта тап табыс салығынан толық босатылатыны туралы хабарладық.

Айдар Оспаналиев

Иран парламенті әйелдердің мотоцикл жүргізуіне тыйымды алып тастау туралы шешім қабылдады

KAZINFORM – Консервативті ортаның ұзаққа созылған қарсылығынан кейін Иран билігі жеңілдік жасады: енді әйелдерге ресми түрде мотоцикл мініп, жүргізуші куәлігін алуға рұқсат етілді, деп хабарлайды Kazinform BILD басылымына сілтеме жасап.

Вице-президент Мохаммад Реза Ареф жаңа шешімді жариялап, жылдарға созылған құқықтық белгісіздікке нүкте қойды. 

Бұған дейін көптеген ирандық әйел мотоциклдер мен скутерлерді лицензиясыз пайдаланған. Әйелдердің көлік жүргізуіне ресми түрде тыйым салынбаған, бірақ билік тарапынан еркін жазалауға негіз болатын нақты нормативтік база болған жоқ. 

Жағдай даулы болды: әйелдерге мотоцикл сатып алуға және тіркеуге рұқсат етілді, бірақ оларды басқару іс жүзінде заңсыз деп саналды. Аталған бастама парламентте қызу талқыланғаны атап өтілді. Ультра консервативті саясаткерлер мен діни қайраткерлер бұл идеяға белсенді түрде қарсы шығып, мотоцикл міну исламдық нормаларға қайшы келеді және әйелдердің киім үлгісін бұзады деп мәлімдеді. 

Еске сала кетейік, бұдан бұрын жыл басында Иранда экономикалық қиындыққа байланысты жаппай наразылық жалғасып жатқанын жазғанбыз. 

Абылайхан Жұмашев

0 пікір
Мұрағат