|
Бразилияда жүргізуші жүк көлігімен жеті рет аударылып, аман қалды (ВИДЕО)
|
Бразилияда жүк көлігі мен оның жолаушысы жантүршігерлік апаттан аман қалды.
Оқыс оқиға көліктердің біріне орнатылған бейнебақылау камерасына түсіп қалған.
Анық көрінгені, жүк көлігі алдындағы автомобильді басып озып, өз жолағына қайта түсуге тырысады. Бір уақытта көлік тепе-теңдікті жоғалтып, бірнеше сальто жасайды да, жол жиегіне құлайды.
Оқиғаны желіге жариялаған куәгерлердің деректеріне сәйкес жүргізуші жеңіл жарақат алған, ал салондағы жолаушы керісінше бірнеше сынықтармен шұғыл ауруханаға жеткізілген.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Кентавр роботтың қандай пайдасы бар (видео)
■
Жалғызбасты әйелдер қарасының көбеюі Рауте қауымына қауіп төндіре бастады
■
Үндістан арықтататын дәрі-дәрмегімен жаһандық нарықты өзгертпек
■
2050 жылға таман жаһандық жылынудан тағы бірнеше жүз мың өлім-жітім болады
■
Биологиялық тұрғыдан ыдырайтын робот жасалды (видео)