Британ билігі ел тұрғындарын ескі электронды хаттарын жоюға шақырды
Британ билігі ел тұрғындарын ескі электронды хаттарын жоюға шақырды
4 ай бұрын 602 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Ұлыбританияның қоршаған ортаны қорғау жөніндегі агенттігі ел тұрғындарын ескі, электронды хаттары мен жазбаларын жоюға шақырды. Бұл шара өз кезегінде елді жайлаған құрғақшылық кезінде суды тұтыну мөлшерін азайтуға бағытталған. Бұл жайында islam.kz порталы Independent ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұлтты сервисте сақталатын файлдар үшін деректерді өңдеу жөніндегі ірі орталықтар қаншама су мен энергияны тұтынады десеңізші. Осы орайда биыл Ұлыбриатния аумағының едәуір бөлігін (Йоркшир, Камбрия, Ланкашир, Үлкен Манчестер, Мерсисайд, Чешир, Шығыс Мидлендс және Батыс Мидлендс аудандары) құрғақшылық жайлаағанын айта кетпекпіз. Жаһандық жылыну мен климат дағдарысынан су тапшылығымен бетпе-бет келіп отыр. Оксфорд университетінің зерттеу нәтижесі көрсеткендей, қуаты 1 мВт шағын деректерді өңдеу орталығы жылына шамамен 26 млн литр су тұтынады. Сондықтан суды тұтынуды қысқартудың бұқараға белгілі әдістерінен басқа, шомылу немесе жуыну кезінде суды мейлінше үнемдеу, өсімдіктерді суару үшін жаңбыр суын пайдалану және шлангілерді қысқарту сияқты британдықтарды бұлтты кеңістікте сақталатын ақпарат көлемін азайтуға шақырды.

0 пікір
Мұрағат