Британ парламентінде көше уағызшылары мен сөз бостандығын қорғауға арналған хартия қаралады
Британ парламентінде көше уағызшылары мен сөз бостандығын қорғауға арналған хартия қаралады
9 күн бұрын 367 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Британ парламентіне Христиандық институт әзірлеген, «Көше уағызшыларының хартиясы» деп аталатын, сөз бостандығын қорғау мен көшеде дінді насихаттайтындарды орынсыз себеппен ұстауға тосқауыл қою қарастырылған құжат ұсынылды. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Christian Today ақпарат көзіне жөн сілтеген inVictory мегапорталына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Мұндай құжаттың әзірленуіне қоғамдық орындарда уағыз айтқан пасторларға айыппұл салу және тұтқындау фактілері себеп болған. Бұдан бөлекк, пасторлардың көбісі өз қалтасынан айыппұл төлеуге мәжбүр болған. Хартия уағыздаушылардың құқықтарын қорғап қана қоймай, қоғам тарапынан жанжалдар мен теріс көзқарастарды болдырмау үшін пасторлардың жауапкершілік шегін белгілеген. Яғни, құжатта Англия мен Уэльстің көшелерінде көпшілікке уағыз айтқан немесе өз сенімдерімен бөліскен адамдардың құқықтары мен міндеттері тұжырымдалған. Бұл бағыттағы заң бірыңғайда пасторлар мен тәртіп сақшыларының қандай жағдайда қалай әрекет ету керектігін түсіндіретін нұсқаулық іспетті. Хартияда екі тараптың да әдеп нормалары, құқықтық негіздер, сондай-ақ, қоғаммен және мемлекеттік құрылымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестер егжей-тегжейлі баяндалған. Хартияны Open Air Campaigners GB және Open-Air Mission ұйымдарын қоса алғанда көше уағызымен айналысатын қорлар қолдады. Хартияның басты авторы Христиан институтының заңгері Сэм Вебстер діннің уағыз арқылы таратылатынын, бұл жолда уағыздаушылардың ғасырлар бойы пайдаланған бостандықтарына шектеу қоюға болмайтынын атап өтті. Бұл бастама 2022 жылы Глазгода расталмаған жалғыз шағым бойынша «қоғамдық тәртіпті бұзғаны» үшін ұсталған шотландиялық уағыздаушы Ангус Кэмеронның қоғамда дүрбелең тудырған атышулы ісінен кейін көтеріліп отыр. Ер адамды көпшілік алдында тінтіп, кісендеп, полиция фургонында бір сағаттан астам ұстаған, ал кейіннен іс қозғаудан бас тартқанына қарамастан, оған қатысты қылмыс құрамы болмаса да уағызшының әрекетін «өшпенділік актісі» ретінде тіркеуді жоспарлап отырғанын хабарлады. Христиан институты ішкі құжаттарды ашуға қол жеткізді, онда полицияның оны ұстауға заңды негізі жоқ екені белгілі болды. Артынан Ангус Кэмерон қуынып, соттың үкімі оның пайдасына шешілді: Шотландия полициясы оған 5,5 мың фунт көлемінде өтемақы және 9,4 мың фунт көлемінде сот шығындарын төледі.

0 пікір
Мұрағат