|
Британдық бизнесмен және реалити-шоу жұлдызы исламды қабылдады (видео)
|
Бұрын шалқып өмір сүрген, дәлірегі, сән-салтанатқа толы өмір салтымен танымал болған Дэнни Ламбо есімді X Factor реалити-жұлдызы әрі кәсіпкер ислам дінін қабылдады. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде PakObserver дерек көзіне жөн сілтеген IslamNews ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Қонақүйлер желісінің қожайыны әлеуметтік желіде өз шешіміне қатысты ойымен бөліскен. Ол өзінің «Менің күтпеген жерден ақиқатты табуым» деп аталатын видеосында қасиетті Қағбаға қалай жақындағаны көрсетілген. «Рас, жұрт бекер айтпаған, өмір жолы сені қайда апаратынын білмейсің!» – деп түйіндеді кәсіпкер. Осылай деген ол Лондонға «мұсылман» болып оралғанын мәлімдеді.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Жалғызбасты әйелдер қарасының көбеюі Рауте қауымына қауіп төндіре бастады
■
Үндістан арықтататын дәрі-дәрмегімен жаһандық нарықты өзгертпек
■
2050 жылға таман жаһандық жылынудан тағы бірнеше жүз мың өлім-жітім болады
■
Биологиялық тұрғыдан ыдырайтын робот жасалды (видео)
■
Жастар мен жасөспірімдер арасында өз-өзін майып ету көрсеткіші артып келеді