|
Британдық мұсылмандар қайырымдылыққа жылына 1 миллиард фунт стерлинг береді
|
Лондон мегаполисінде орын тепкен Ayaan Institute зерттеу ұйымының келтірген мәліметке қарағанда, британдық мұсылмандар осы елдегі ең жомарт діни топ болып шықты. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде IQNA дерек көзіне жөн сілтеген IslamNews ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. «Үмметке жәрдем: Ұлыбританиядағы мұсылмандардың қайырымдылық секторын сараптау» деп аталатын есепте аталған елдегі мұсылмандар қайырымдылыққа жыл сайын 1 млрд фунт қаржы аударатынын белгілі болды. 2050 жылға қарай мұсылман қауымының садақа мөлшері жылына шамамен 4 миллиард фунт стерлингке жетуі мүмкін.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Ғалымдар бір донор жасушасынан тыныс алуға қабілетті адам өкпесін жасады (видео)
■
Биылдан бастап созылмалы ауруы бар адамдар қажылыққа жіберілмейді
■
Араб елі балаларына қарап отырған аналарға алыстан жұмыс істеуге мүмкіндік беретін саясатты жүргізеді
■
Рамазан айының соңғы он күнін Сауд Арабиясында өткізгісі келетіндер алдын ала тіркелуі тиіс
■
Пакеттер мен тауар қаптамаларында Алланың 99 есімін жазуға (басуға) тыйым салынады